+7 (700) 109-09-23
Дс–Жм: 09:00 – 18:00
← БАСТЫ БЕТКЕ ҚАЙТУ

Алматыдағы Сатпаева к-сіндегі ескі таңбалауды жою үшін шетелдік мамандар тартылды

Алматыдағы Республика алаңы маңында абаттандыру және жаңа қоғамдық кеңістік құру жұмыстарынан кейін, Сатпаева көшесінің учаскесінде көлік қозғалысының сұлбасы өзгерді. Алайда ескі таңбалау қалып қойып, жүргізушілер шатаса бастады және ЖКО қаупі туындады. Мәселені мәслихат депутаты Ольга Спирина көтерді, деп хабарлайды Казинформ. 

Оның сауалына Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев жауап берді. Оның айтуынша, ескі таңбалауды жою жұмыстары жоспарланып қойған. Қиындықтар ескі таңбалаудың жоғары сапасына байланысты туындады – оны механикалық жолмен жою мүмкін болмады. Бұны жасауға әрекеттенген кезде асфальтқа зақым келтіру қаупі туындады. Сондықтан шетелдік мамандарға жүгінуге тура келді.  СНГ елдеріндегі жол таңбалауы саласының көшбасшыларының бірі болып табылатын Беларусь елінің компаниясы ескі таңбалауды арнайы гидродинамикалық машинаның көмегімен жоюы тиіс — оны жоғары қысымдағы сумен шайып тазартады.

Жұмыстарды 9 тамызға дейін аяқтау жоспарланған болатын.