Әлем: Инновациялық технологиялар жол қауіпсіздігін арттырады
Әлемнің көптеген елдерінде жол инфрақұрылымы саласында интеллектуалды технологиялар белсенді енгізілуде. Қызмет ету мерзімі ұзартылған, жарық қайтару қабілеті жоғары және қарқынды көлік жүктемелеріне төзімді жол таңбалауына арналған жаңа материалдар әзірленуде. Сонымен қатар жолдардың жай-күйін бақылайтын цифрлық жүйелер және жөндеуді әрі таңбалауды жаңартуды талап ететін учаскелерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін технологиялар дамуда.
